"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ИНВЕСТОР - "GARANT TRANZIT PLUS" ЖШС-МЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 12 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ басшылығының әлеуетті инвестор - "Garant Tranzit Plus" ЖШС-мен (Алматы қ.) кездесуі өтті.

Компания жылыту жүйелеріне, жылумен және сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтар өндіру жөніндегі жобаны іске асыруға мүдделі және Danfoss халықаралық концернінің ресми дистрибьюторы болып табылады.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А. Т. Қабашев АЭА-ның қызметімен, қолданыстағы заңнама нормаларымен және одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 152